2023 ҚОРЫТЫНДЫЛАР
Qonaev International Balloon Festival

Мың Түсті Аспан

Құрметті қатысушылар мен қонақтар!

Шілде айында өткен ұмытылмас «Мың түсті аспан» шар фестивалі туралы естеліктерімізді мақтанышпен бөліскіміз келеді. Бұл оқиға тарихымыздың жарқын парағына айналды, біз сіздермен осы керемет шараны қалай ұйымдастырып, өткізгеніміз туралы өз әсерлерімізбен бөлісуге қуаныштымыз.

Фестивальге дайындық үлкен күш пен мұқият ұйымдастыруды қажет етті

Біз аспанды 30-дан аса әуе шарларымен әсемдеп, әсерлі және таңғажайып көрініс жасадық. Бұл түрлі-түсті шарлар аспанды керемет түстерге толтырып, атмосфераға сиқырлық қосты.

Фестиваль ешбір қиындықсыз өтті және барлық қонақтар қауіпсіздік пен қуаныш атмосферасын тамашалады деп мақтанышпен айта аламыз.

Qarakesek, Kalifarniya, King Macarella, Oceana және Мирас Жүгінісов сынды талантты әртістердің қойылымдары фестивальге сөз жеткісіз  қуат пен қуаныш қосты. Олардың қойылымдары сіздерге ұмытылмас көңілді және қуанышты сәттерді сыйлады.

Сиқыршылық өнерді шебер меңгерген талантты сиқыршы карталармен, арқандармен және басқа да ерекше сиқырлы амалдарымен қонақтарды таң қалдырды. Оның шеберлігі жиналғандардың барлығын ғажайыпқа ендіріп, шараның атмосферасына ерекше құбылыс  берді.

Фестивальдің екі күні көзді ашып-жұмғандай өте шықты, жүрегімізде ұмытылмас сәттер қалды

Әуе шарлары мен дельтапландардағы ұшулар іс-шараға адреналин мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Батпырауық жарыстары мен түрлі іс-шаралар балалармен қоса ересектерді  шаттыққа бөлеп, қуаныш пен күлкі сыйлады.

Дәмді тағамдар мен түрлі сусындардан қонақтар дәм татып сергіп,  шөлдерін қандырды.

Балаларға арналған үлкен алаң отбасылық атмосфераны қалыптастырды, ал ересектер  алаңы кешкі бағдарламаға ерекше сән берді.

Жарыстар мен жүлделер қонақтарға естен кетпес қуаныш пен шаттық сыйлады.

img

Қонақтарға фестиваль бойы әртістердің қойылымдары мен іс-шараларды тамашалау үшін 3000-нан астам орын дайындалды.

Сіздердің ыңғайлылықтарыңыз бен жайлылықтарыңыз үшін шара қызған кезде сергіп, шөл қандыруларыңызға186 тонна су жеткізілді.

Сіздерге ыңғайлы кемпингті құру әдемі табиғат пен түнгі аспаннан ұмытылмас әсер қалдырып, ләззат алуға мүмкіндік берді.

Фуд-корт аймағында, шатырлардың астында барлығымыздың дәмді және алуан түрлі тағамдардан дәм татып, достарымызбен және отбасымызбен қызықты уақыт өткізу үшін 600 орын ұйымдастырылды.

Барлық қонақтардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін аумақта 100 ыңғайлы құрғақ биодәретхана орнатылды. Сіздердің жайлылықтарыңыз туралы қамқорлық біздің басты басымдықтарымыздың бірі болды.

Біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдандық: 7 жедел жәрдем көлігін дайындап қойдық және  жайлылық пен ыңғайлылық үшін Алматыдан тасымал көлігін ұйымдастырдық.

Фестиваль өткен аумақта сенімді және тиімді техникалық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін 3100 метрден астам кабельдік желілер мұқият орнатылды.

«Мың түсті аспан» фестиваліне қатысқандардың барлығына рақмет. Сіздер бұл шараға ерекше және ұмытылмас әсер бердіңіздер! Біз сіздерге осындай ерекше шара ұйымдастырып, жарқын естеліктер сыйлағанымызға қуаныштымыз.

«Мың түсті аспан» фестивалінің ұйымдастырушылары Сіздерге үлкен Алғыс білдіреді!

decorative

Сурет Галереясы

decorative